ҚазҰУ қабылдау комиссиясына имидждік киім табысталды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде талапкерлермен тікелей жұмыс істейтін қабылдау комиссиясының мүшелеріне арнайы әзірленген имидждік киімдер жиынтығы табысталды.

Бұл бастама жоғары оқу орнының бірыңғай корпоративтік стилін нығайтып, қызметкерлердің кәсіби бейнесін жоғары деңгейде қалыптастыруға бағытталған. Оған қоса, бірыңғай брендтік киім үлгісі талапкерлер мен олардың ата-аналарына кампус аумағында кеңесшілерді тез танып, ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Арнайы дайындалған киімге ҚазҰУ-дың логотипі бейнеленген арнайы белгіше орнатылған. Бұл оқу орнының заманауи имиджін айшықтап, сервистік қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы талапкерлерді қарсы алу, құжаттарды қабылдау және мамандық таңдау бойынша кеңес беру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр.




Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі