Жоғары білім қоғам мен экономиканың одан әрі даму кілті.
ылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 18 тамызда Үкіметтегі брифингте жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде жоғары оқу орындарында білім алудың өзектілігі туралы пікір білдірді.
Министрі Жоғары білімді қолдай отырып білімнен бөлек, әлеуметтену, командада жұмыс істей білу, қарым-қатынас орнату және белгілі бір қоғамда бірге өмір сүру дағдылары да өте маңызды екенін атап өтті. Бұған қоса, жоғары білім адамның ойлау жүйесін қалыптастырады. Кез келген жоғары зияткерлік қызмет үшін белгілі бір талдау аппараты, ойлау жүйесі мен оның құрылымы қажет дей келе министр "ойлау құрылымын тек арнайы институттар арқылы қалыптастыруға болады" деген өз пікір айтты. Ол барлығы адамның ойлау тереңдігі мен құрылымына байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар министр Жоғары білім министрі ретінде жоғары білім қажет екендігін, онсыз қоғам мен экономиканың одан әрі дамуы мүмкін емес екенін тағы бір рет еске салды.
Баймуратова И.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел ел тілдері кафедрасының ассистент профессоры.