“Smart student” интеллектуалды ойыны — ҚазҰУ

91ý

“Smart student” интеллектуалды ойыны

5 мамыр 2021
“Smart student” интеллектуалды ойыны

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ЭжБЖМ, “Экономика” кафедрасы ұйымдастырған жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен республикалық “Smart student” интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Ойыннның 2 турына Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің “Барыс” командасы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің “KAIZEN” командасы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің “Жетісу” командасы және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің “Экономикс22” командасы өтті. Интеллектуалды ойын нәтижелері бойынша жинаған ұпай сандарына байланысты І-орынды “Барыс” командасы иеленді, топ мүшелері: Жұмахметова Айзада, Санахметова Әйгерім, Убенова Ару. Жүлделі ІІ-орынды екі команда өзара бөлісті - “Экономикс22” командасы, топ мүшелері: Ідріс Рзагүл, Толқынова Бота, Саткен Райхан және “Жетісу” командасы, топ мүшелері: Жұмаханова Наргиз, Сайлаубаев Бекарыс, Воронцова Диана. Жүлделі ІІІ-орынмен” KAIZEN” командасы марапатталды, топ мүшелері: Смағұл Мағжан, Марксова Малика, Байғазы Алмира. Қатысушы командаларға белсенділік танытқандары үшін алғыс айта отырып, алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен сәттілік тілейміз!