2-курс студенттері Шарын каньонының экожүйесімен танысты 🏔️
13 маусым 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультеті, «Экология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері өндірістік практика аясында Шарын каньонының экожүйесімен танысты.
Практика барысында студенттер каньонның табиғи-географиялық ерекшеліктерін, жер бедерінің қалыптасу процестерін, биоалуантүрлілігін және топырақ жамылғысының ерекшеліктерін зерттеді. Сонымен қатар, экожүйеге антропогендік әсер мәселелері талқыланып, далалық бақылау жүргізу дағдылары жетілдірілді.
Тәжірибелік экскурсия студенттердің кәсіби білімін нығайтып, табиғи экожүйелерді зерттеуге деген қызығушылығын арттырды.
Басқа жаңалықтар
20 маусым 2026
20 маусым 2026