Международный конкурс студенческих научных работ — ҚазҰУ

91ý

Международный конкурс студенческих научных работ

27 мамыр 2022
Международный конкурс студенческих научных работ

Торайғыров университетінде «Пандемияның экономикалық дамуға әсері» тақырыбында экономикалық мамандықтар бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының халықаралық байқауы өтті.

«Пандемияның экономикалық дамуға әсері» тақырыбы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының байқауы екісекциябойынша өткізілді: 1) Кәсіпкерлік және экономикалық белсенділік; 2) Жұмыспен қамту және жұмыссыздық.

Байқауға экономикалық мамандықтары бойынша 3 және 4 курстардаоқитын қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Торайғыров университеті, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті (Қаржы университеті), Әл-Фараби атындағыҚазақұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Өтемісов атындағыБатыс Қазақстан университеті және т.б.

Біздің «Экономика» мамандығының 3 курс студенттері Айтназаров Темур мен Қадырбекова Далила «Пандемия жағдайындағы Қазақстан экономикасының даму перспективалары» тақырыбындағы ғылыми жұмысыменқатысты. Ал байқау қорытындысы бойынша «Кәсіпкерлік және экономикалық белсенділік» секциясы бойынша 3-дәрежелі Дипломға ие болды. Жұмыстың ғылыми жетекшісіэ.ғ.к., «Экономика» кафедрасының профессорм.а.Андабаева Г.К.