Профессор Қалқаман Жұмағұлов М. Өтемісов атындағы БҚМУ Құрмет профессоры атағымен марапатталды — ҚазҰУ

91ý

Профессор Қалқаман Жұмағұлов М. Өтемісов атындағы БҚМУ Құрмет профессоры атағымен марапатталды

7 қараша 2012
Профессор Қалқаман Жұмағұлов М. Өтемісов атындағы БҚМУ Құрмет профессоры атағымен марапатталды

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлына Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ылыми кеңесінің шешімімен осы ЖОО-ның Құрметті профессоры атағы берілді.

Профессор бұл жоғарғы атақты Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы жоғары деңгейдегі тарихшы мамандарды дайындауда зор үлесін қосқандығы үшін алды. Ол БҚМУ-де бірнеше рет ғұндардың тарихы, Орталық Азия және Еуразия тарихы, дүние жүзі, отан тарихының өзекті мәселелері бойынша мастер кластарды өткізді.

Профессорымызды шын жүректен құттықтаймыз.