- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сөз өнерінің саңлағы Бекжан Әшірбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтылды
Сөз өнерінің саңлағы Бекжан Әшірбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтылды
Қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосқан ақын, ұстаз, қаламгер Бекжан Төребекұлы Әшірбаевтың дүниеден өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Көңіл айту хатында Бекжан Өшірбаевтың ұлттық әдебиет пен журналистика саласына сіңірген еңбегі атап өтілген.
«Бекжан Төребекұлы ұлттық әдебиет пен журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан талантты ақын, білікті ұстаз еді. Айтыс өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, жазба поэзияда да өнімді еңбек етті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, көптеген жас журналистер мен қаламгерлердің кәсіби қалыптасуына жол ашты», – делінген көңіл айту хатында.
Министр Бекжан Өшірбаевтың парасатты болмысы, азаматтық ұстанымы, шығармашылық ізденісі мен сөз өнеріне деген адалдығы әріптестері, қаламдас достары, шәкірттері мен қалың оқырманының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
«Осындай ауыр сәтте баршаңызға сабыр мен күш-қуат тілеймін. Алла тағала артында қалған отбасы мен ұрпағына амандық, ұзақ ғұмыр берсін. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!» – делінген көңіл айту хатында.
Басқа жаңалықтар