- Басты бет
- Хабарландыру
- Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» тақырыбында халықаралық конференция өтеді
Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» тақырыбында халықаралық конференция өтеді
11 Қыр
2023 жылдың 7 қыркүйек күні сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы, дипломат, Орталық Азия тарихы мен мәдениеті жөніндегі кітаптардың авторы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің 80 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени үдерістегі сабақтастық» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Конференция мақсаты – Мұрат Мұхтарұлының ғылыми, шығармашылық еңбектерімен қатар, қоғамдық және мемлекеттік қызметінің маңызды кезеңдерін саралап, қайраткер қаламгердің рухани мұрасын насихаттау.
Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласы Музейлер бірлестігі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі