ҚазҰУ-да «Алаштың тарихи рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтедіFarabi University

91ý

ҚазҰУ-да «Алаштың тарихи рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді

12 қазан 2023

ҚазҰУ-да «Алаштың тарихи рөлі»  атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтеді

2023 жылдың 15 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғ.С. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институты және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы бірлесіп, «В.И. Лениннің қазақ мемлекеттілігінің аумақтық тұтастығын бекіткен 1920 жылғы 26 тамыздағы Жарлығын іске асыру жөніндегі Алаштың тарихи рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізеді (саяси-құқықтық аспектілері).

Семинардың міндеті – В.И. Лениннің қазақ мемлекеттілігінің аумақтық тұтастығын нығайтудағы Алаштың тарихи рөлі бойынша ғылыми-практикалық саясаттандырылған кеңістікті қалыптастыру.

Өтетін орны: Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби кітапханасы

Уақыты: 14.00.