Еуропалық жоғары білім беру жәрмеңкесі — ҚазҰУ

91ý

Еуропалық жоғары білім беру жәрмеңкесі

29 қыркүйек 2015
Еуропалық жоғары білім беру жәрмеңкесі

27 қыркүйек күні Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті қытайтану кафедрасы студенттері әл-Фараби кітапханасында өткен Еуропалық жоғары білім беру жәрмеңкесіне қатысты. Студенттер Еуропалық жоғарғы оқу орындарында өздерін қызықтыратын тілдік тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, бакалавриаттан бастап, PhD деңгейіне дейінгі білім алу туралы мағлұматтар алды.