ТДМ-3: ҚазҰУ-дың белсенділері Көлсайға барып қайтты — ҚазҰУ

91ý

ТДМ-3: ҚазҰУ-дың белсенділері Көлсайға барып қайтты

22 қыркүйек 2024
ТДМ-3: ҚазҰУ-дың белсенділері Көлсайға барып қайтты

    Университетіміздің белсенді студенттері мен оқу ордамыздағы факультеттердің аға кураторлары 22 қыркүйек күні Тұрақты даму мақсаттарының «Салауатты өмір салты және әлауқат» бағыты аясында Алматы өңіріндегі табиғаты сұлу, суы мөлдір «Көлсай демалыс орнына» барып, керемет уақыт өткізіп қайтты.

    Жаңа оқу жылының басталуына орай әрі тұмса табиғат түрлі түске боялатын күз мезгілінің жайма шуақ күндерінде оқытушыларымыз бен студенттеріміз өздерінің сабақтан тыс уақыттарын осылай пайдалы әрі қызықты өткізуде.