ТДМ-3: Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен үстел теннисінен турнир өтті — ҚазҰУ

91ý

ТДМ-3: Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен үстел теннисінен турнир өтті

8 қараша 2024
ТДМ-3: Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен  үстел теннисінен турнир өтті

Оқу ордамызда Механика-математика факультетінің «Жастар Рухы» Жастар қанаты ұйымдастыруымен студенттер күніне орай 8 қараша күні үстел теннисінен турнир өтті. Үстел теннисінен өткен бұл турнирға аталған факультеттен  18 студент қатысып, өз  бақтарын сынады. Ойын өте тартысты өтті. Ойын нәтижесінде:

І орынды – Абубакирова  Гүлбахрам, Серікбай Марғұлан иеленсе, ІІ орынды – Мұрат Бекасыл мен Базарбаева Динара жеңіп алды. Ал Тілек Даниярұлы мен Зақан Бүлдіршін ІІІ орынға тұрақтады.

Спорттық шараға қатысқан барша студенттерімізге алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!