BASF MINING SOLUTIONS ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИС ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІFarabi University

91ý

BASF MINING SOLUTIONS ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИС ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

28 Авг

BASF MINING SOLUTIONS ТЕХНИКАЛЫҚ СЕРВИС ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТЕДІ

2025 жылдың 28 тамызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасының ашылу салтанаты өтеді. Бұл Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласын дамыту аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жоба.

      Зертхананың негізгі мақсаты – рудаларды зейінді байыту және гидрометаллургия саласында қолданбалы зерттеулер мен аналитикалық жұмыстарды жүргізу және BASF реагенттерін пайдаланып оңтайлы технологиялық шешімдерді іздеу.           

       Іс-шараға BASF компаниясының өкілдері, ҚазҰУ басшылығы мен ғалымдар, сондай-ақ BASF Орталық Азияның тау-кен-металлургиялық саласындағы клиенттері мен серіктестері және кәсіпкерлер қатысады.

        Өтетін орны:  

          Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

          BASF Mining Solutions техникалық сервис зертханасы,

FARABI HUB, Әл-Фараби, 71 к20

          Басталуы: сағ. 10:00         

          Байланыс үшін:

          +7(7272) 377-31-48; +7 777 222 8764, 8 701 424 95 58