әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттік заң клиникасы  құқықтық білім беру аясында тегін кеңес өткізді — ҚазҰУ

91ý

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттік заң клиникасы  құқықтық білім беру аясында тегін кеңес өткізді

25 қыркүйек 2025
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттік заң клиникасы  құқықтық білім беру аясында тегін кеңес өткізді

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұйымдастыруымен студенттік заң клиникасы аясында университеттің студенттеріне арналған тегін заңгерлік кеңес беру шарасы өтті.
      Іс-шараға кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Қуаналиева Г.А., кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Рашева Г.К., оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Есекеева А.А., сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Бакиров Д.А. қатысты
      Бұл шара – ҚазҰУ-дың әлеуметтік жауапкершілік саясатының және білім мен тәжірибені біріктіретін құқықтық клиникалық білім беру моделінің нақты көрінісі болды.