ТДМ №1, 10: ҚазҰУ студенттері қайырымдылық жәрмеңкесіне атсалысты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мерекелі күз» жәрмеңкесінің аясында &ܴ;Көмек&ܴ; қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.– студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, қоғамда қайырымдылық
Жәрмеңкеге студенттер белсене қатысып, өздері дайындаған тағамдар, тәтті тіскебасарлар, компоттар жне қолөнер бұйымдарының түр-түрін ұсынды. Іс-шараның негізгі мақсаты мәдениетін қалыптастыру жне мұқтаж жандарға қол ұшын беру болды.
Жәрмеңкеден түскен қаражат бірнеше бағытта жұмсалады:
- Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен «Мейірім» қарттар үйіндегі қарттар мен зейнеткерлердің қажеттіліктеріне;
- Әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан студенттердің оқуға қажетті заттарына жне жатақхана ақысын төлеуге.
Бұл бастама студенттердің азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін жне көмек көрсету мәдениетін нығайтуға септігін тигізді. Сонымен қатар, іс-шара студенттерге қоғамдық бірлестік пен ұйымшылдық құндылықтарын дамытуға, өздерінің креативтілік пен кәсіпкерлік қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Қайырымдылық жәрмеңкелер университеттің әлеуметтік миссиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам болып отыр. Осындай іс-шаралар арқылы студенттер адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық мәдениетін насихаттайды, университет қауымдастығының қоғаммен байланысын нығайтады.

