әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — ҚазҰУ

91ý

"Эпидемиологиялық зерттеулер дизайны" атты халықаралық ғылыми семинар

 

2026 жылдың 28 сәуірінен 4 мамырға дейін «Эпидемиологиялық зерттеулер дизайны» халықаралық ғылыми семинары өтеді.

 

Күні: 28 сәуір – 4 мамыр 2026 ж.
Уақыты: 9:00–16:00
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Кітапханасы, 303, 308, 409 аудиториялар

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің мейіргерлік іс кафедрасы Сіздерді «Эпидемиологиялық зерттеулер дизайны»  халықаралық ғылыми семинарға қатысуға шақырады. Бұл семинар шетелдік сарапшыларды, ірі медициналық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушыларын, докторанттарды, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар мен кәсіби бірлестіктердің өкілдерін біріктіріп, денсаулық сақтау саласында білім, жетістіктер мен заманауи технологиялармен алмасуға мүмкіндік береді.

ылыми семинардың ұйымдастырушылары:

  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультеті
  • UiT The Arctic University of Norway
  • ҚР ДСМ РУМС Мейіргерлік іс мемлекеттік мекемесі

ылыми семинардың мақсаттары:

  • Эпидемиологиялық зерттеулер дизайны саласындағы білім мен практикалық дағдыларды дамыту;
  • ылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізудің заманауи әдістемелік тәсілдерін меңгеру;
  • Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу;
  • Медициналық мамандар мен докторанттардың зерттеу қабілеттерін арттыру;
  • Денсаулық сақтау саласында эпидемиологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылау.

Семинар-тренингті шетелдік профессорлар (Норвегия) өткізеді:

  • Erik Eik Anda – ғаламдық денсаулық сақтау және эпидемиология профессоры (UiT The Arctic University of Norway)
  • Kristin Benjaminsen Borch – эпидемиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жүйелі эпидемиология зерттеу тобының жетекшісі (UiT The Arctic University of Norway) 

Құрметпен,
«Эпидемиологиялық зерттеулер дизайны» ғылыми семинарының ұйымдастыру комитеті

Байланыс ақпараттары:
Билибаева Галия
Тел.: +7 778 920 99 60

 

 

                          «ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ДИЗАЙНЫ» 

                         СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ

                         ҒЫЛЫМИ АПТА БАҒДАРЛАМАСЫ

28 сәуір  2026 жыл

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ кітапханасы, № 409

 Уақыты

Іс-шара

12:00 – 12:20

Ашылу салтанаты:
Модератор құрметті қонақтарды таныстырады және іс-шараның маңыздылығын баяндайды.

 Құттықтау сөздер:

ü  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ылыми-инновациялық қызмет жөніндегі Басқарма мүшесі – проректор Ибраимов М.К. (қазақ тілінде)

ü  Мейіргер ісі кафедрасының профессоры -Исаева Р.Б.

 (ағылшын тілінде)

 

12:20 – 12:45

Кіріспе (оқытушылар, магистранттар, докторанттар курсқа шолу)

12:45–13:15

Қалыптастыру: зерттеу сұрақтары, әсер ету мен нәтиже

13:15–14:15

HPV мақалалары – жіктеу және реттеу бойынша топтық жұмыс

14:15–14:30

Үзіліс

14:30–15:30

Жалпы талқылау (зерттеу дизайнын негіздеу)

15:30–16:00

Зерттеу дизайндарын қысқаша біріктіру (шолу)

16:00

Күннің аяқталуы

19:00

Сыныптан тыс іс-шаралар

29 сәуір 2026 жыл

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ кітапханасы,№308

 Уақыты

Іс-шара

09:00–12:00

Зерттеу дизайндарын тереңдетіп қарастыру (интерактивті сессиялар)

12:00–13:00

Түскі үзіліс

13:00–14:30

Жаттығу: Зерттеуді жақсарту /түзету

14:30–14:45

Үзіліс

14:45–16:00

Қатысушылар жобаларының идеяларына кіріспе

16:00

Күннің аяқталуы

 30 сәуір 2026 жыл

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ кітапханасы,№ 409

 Уақыты

Іс-шара

09:00–12:00

Жобаны әзірлеу (топтық және жеке жұмыс)

12:00–13:00

Түскі үзіліс

13:00–14:30

Жобаны жетілдіру (зерттеу дизайны, қателік ықтималдығы, жүзеге асырылу мүмкіндігі)

14:30–14:45

Үзіліс

14:45–16:00

Жобаның негізгі жоспарын дайындау

16:00

Күннің аяқталуы

4 мамыр 2026 жыл

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы  ҚазҰУ кітапханасы, № 303

 Уақыты

Іс-шара

09:00 – 12:00

Қатысушылар жобаларын таныстыру және талқылау

12:00 – 13:00

Түскі үзіліс

13:00 – 16:00

Постерлік сессия. Топтарда жұмыс

16:00

ылыми аптаның аяқталуы: қорытындылау.