ҚазҰУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы: ИТМО университетіндегі оқу тәжірибесі және ТДМ-ға қосқан үлесі — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы: ИТМО университетіндегі оқу тәжірибесі және ТДМ-ға қосқан үлесі

27 қараша 2025
ҚазҰУ студенттерінің академиялық ұтқырлығы: ИТМО университетіндегі оқу тәжірибесі және ТДМ-ға қосқан үлесі

Физикалық-техникалық факультеттің жылуфизика және техникалық физика кафедрасының 5 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында АТМО университетінде (Санкт-Петербург) білім алуда. Мұндай алмасу академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің зерттеу құзыреттерін кеңейтуге және инженерлік пен жаратылыстану ғылымдары саласындағы озық технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді.

Академиялық ұтқырлық БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын тікелей қолдайды, атап айтқанда:

ТДМ 4 «Сапалы білім» — заманауи білім беру ресурстарына және университетаралық тәжірибелерге қолжетімділік арқылы;
ТДМ 9 «Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым» — студенттердің инновациялық жобалар мен инженерлік шешімдерге қатысуы арқылы;
ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» — халықаралық академиялық ынтымақтастықты күшейту арқылы.

Осындай тәжірибе болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық әлеуетін күшейтеді.