ҚазҰУ-да құжат қабылдау басталды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да құжат қабылдау басталды

20 маусым 2026
ҚазҰУ-да құжат қабылдау басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бакалавриат білім беру бағдарламаларына түсуші талапкерлер үшін қабылдау науқаны жалғасуда. 

2026 жылғы 20 маусымнан бастап ақылы негізде оқуға түсушілерден құжаттар қабылданады. Өтініштер мен қажетті құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыруға болады. Ал мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға ниетті талапкерлер өз өтініштерін 13-20 шілде аралығында өткізуі тиіс.

Шығармашылық емтихан қарастырылған білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлерден өтініштер 20 маусым мен 6 шілде аралығында қабылданады. Ал шығармашылық сынақтар 7-13 шілде күндері бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылады.

Сондай-ақ «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» бағыттарына үміткерлер арнайы емтиханнан өтеді. Бағалау рәсімі 2026 жылғы 20 маусым мен 20 тамыз аралығында EDUSER платформасы арқылы онлайн форматта жүргізіледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабылдау комиссиясы дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 09:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Оқуға түсу шарттары, құжаттарды рәсімдеу, шығармашылық және арнайы емтихандар, білім беру бағдарламаларын таңдау, сондай-ақ оқу және жатақханада тұру мәселелері бойынша талапкерлер университеттің қабылдау комиссиясынан толық ақпарат ала алады.