Алматы қаласының Бас Ботаникалық бағындағы қытай студенттері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары өзінің оқу жне трбие жұмысында адамзат қауымдастығы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттарына жетудегі дүниежүзілік үрдістерді басшылыққа алады. Университеттің жоғары білім беруге дейінгі (ЖББД) факультетіне лемнің ртүрлі елдерінен студенттер келеді. Шетелдік азаматтарға тілдік жне жалпы білім беру кафедрасының тыңдаушылары өздері үшін алғаш рет жаңа елге, жаңа қала – Алматыға жне жаңа университетке келеді. Көптеген тыңдаушылар жақында ғана мектеп бітірген, олар өздерінің үйреншікті ортасынан тыс жерде ата-аналарынан жырақта өз бетінше өмір сүруді үйренеді, сонымен бірге біздің елімізде қолданылатын тілдерді лі білмейді. Сондықтан университет оқытушыларының шетелдік тыңдаушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты белгілі бір міндеттері мен жауапкершілігі бар. Педагогтар студенттерді қаламен таныстырып, оларды қалада еркін бағдарлауына, сезінуіне жне жергілікті халықпен қарым-қатынас жасауына үйретуі қажет.
Қазір Алматыда күздің соңғы айына қарамастан ауа райы керемет болып тұр, сондықтан сабақтан кейін біз қытай студенттерімізбен бірге Бас Ботаникалық баққа бардық. Бұл экскурсия ТДМ-нің №15 мақсаты – құрлық экожүйесін сақтау бағытына үлес қосады. Бас Ботаникалық бақ – Оңтүстік астананың ең маңызды, қызықты жне танымал орындарының бірі. Бұл жерде Қазақстанның жне басқа елдердің флорасы жақсы көрсетілген. Әрбір ағашта немесе бұтада осы өсімдіктің атауы мен оның қай жерде өсетіні жазылған ақпарат тақтайша бар. Бұл студенттердің үлкен қызығушылығын тудырады – олар бұл жазуларды оқып, өз тілдеріне аударады жне жаңа ақпарат білгеніне қуанады.
Ботаникалық бақ өте жақсы жабдықталған жне жоспарланған – мұнда лі күнге дейін аққу жүзіп жүрген тоған бар, өйткені қалада ауа райы жылы болғандықтан оларды қыстық режимге лі ауыстырмаған. Мұнда ртүрлі географиялық аймақтар көрсетілген, сондықтан бақтың бір бөлігі нағыз орман секілді, онда сайраған құстардың үнін естуге, адамдардан қорықпайтын тиіндерді көруге болады. Мұндай экскурсия студенттердің көп жаңалық біліп, танымдық тәжірибе алуына мүмкіндік беретінімен ерекше құнды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
ЖББД факультеті
шетелдік азаматтарға тілдік жне жалпы білім беру кафедрасының оқытушылары
Төребекова Р.С. мен Мамытбекова Л.Қ.
Басқа жаңалықтар