"Табысқа жетудің үш қадамы – білім, жұмыс, серіктестік" қонақ дрісі — ҚазҰУ

91ý

"Табысқа жетудің үш қадамы – білім, жұмыс, серіктестік" қонақ дрісі

4 желтоқсан 2025
"Табысқа жетудің үш қадамы – білім, жұмыс, серіктестік" қонақ дрісі

2025 жылдың 3 желтоқсанында SDG 4 «Сапалы білім», SDG 8 «Лайықты еңбек жне экономикалық өсу» жне SDG 17 «Тұрақты дамудағы ріптестік» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Табысқа үш қадамбілім, еңбек, серіктестік» тақырыбында «Қаржы жне есеп» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттерге арналған қонақтық дріс өтті.

Шақырылған спикер: VEON тобының бас қаржы директорының кеңесшісі (Қазақстанда Beeline Қазақстан өкілдігі бар), MSc, ACCA, FCCA дрежесінің иегері, 2012 жылдан бері ACCA (Ұлыбритания) құрметті мүшесі, 2025 жылғы «Үздік қаржы директоры» байқауының жеңімпазы Адилова  Гаухар Бақытжановна.

Кездесу барысында бухгалтерлік жне салықтық есеп; қаржы, аудит жне халықаралық сертификаттау; қаржылық жоспарлау жне талдау; қазынашылық жне корпоративтік қаржы; тәуекел-менеджмент жне ішкі бақылау салаларындағы заманауи мамандарға қойылатын талаптар мен кәсіби даму мәселелері қаралды.

Қонақ лекция студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Олар сонымен қатар болашақ мамандығы, сәйкестік, стратегиялық даму, нақты қаржылық ағындарды басқару жне компанияны қорғау туралы сұрақтарына жауап алды.

Дәрісті ұйымдастырушылар: «Қаржы жне есеп» кафедрасының аға оқытушылары Г.Ж. Жүнусова жне А.К. Низамдинова.