ҚАЗҰУ-ДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МЕКТЕПКЕ ШАҚЫРУ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Этнологияның (әлеуметтік-мәдени антропологияның) өзекті мәселелері: тарихы мен бүгіні» атты тақырыбында халықаралық қысқы этнографиялық мектептің жұмысына қатысуға шақырады.
Этнология, әлеуметтік-мәдени антропология ғылымы бойынша қысқы мектеп келесідей бағыттар бойынша өткізіледі: «Этнологияны дамытудың жаңа зерттеулері мен бағыттары», «Жаһандық өзгерістер контекстіндегі Қазақстанның этнология ғылымының зерттеулері».
Мақсаты: тыңдаушылардың этнографиялық ғылым саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейту және тереңдету, зерттеу дағдыларын дамыту.
Спикерлер: Қазақстанның, жақын және алыс шетелдің этнология және антропология саласындағы ғалымдары.
Халықаралық қысқы этнологиялық мектеп – студенттер мен магистранттар, докторанттар және жас оқытушылар үшін жаңа білім алу, пікір алмасу, мамандық бойынша практикалық дағдыларды меңгеру үшін тамаша мүмкіндік.
Ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Тарих» факультеті, «Археология, этнология және музеология» кафедрасы.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК–3, Тарих факультеті, У.Х. Шалекенов атындағы этнология музейі, 4–1 аудитория.
Оқу форматы: онлайн (ZOOM платформасы).
Zoom платформасына қосылу:
Конференция ID: 854 8475 9537
Қатынау коды: 510970
Басталуы: Алматы уақытымен сағат 11:00.
Өтетін мерзімі: 12.01.2026 ж. – 16.01.2026 ж., 5 жұмыс күні.
Сабақ форматы: дәрістер, практикалық сабақтар.
Регламент: Лекция – 45 минутқа дейін,
Сұрақтар мен пікірлер – 5 минутқа дейін.
Аудитория: жас ғалымдар мен барлық қызығушылық танытқан тыңдаушылар.
Қатысу&Բ;ТЕГІН
Тыңдаушыларға&Բ;80 академиялық сағат көлеміндегі КПК сертификатын&Բ;алу
мүмкіндігі беріледі.
Сертификатты рәсімдеу үшін 3000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет.
Төлем сілтемесі:
Тіркелу міндетті
Тіркеуформасы:&Բ;
|
Ермекбаева Айнур Шокановна моб. тел.: +7 771 448 85 33 е-mail: ardepartament@gmail.com |
Әбдінәсір Нәзира Нұрқожақызы моб. тел.: +7 707 610 09 58 е-mail: nazzira.abdinassir@gmail.com |
Құрметпен, Ұйымдастыру алқасы