40 жылдан кейін қайта қауышты — ҚазҰУ

91ý

40 жылдан кейін қайта қауышты

15 шілде 2026
40 жылдан кейін қайта қауышты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1986 жылғы түлектері оқу орнын аяқтағандарына 40 жыл толуына орай бас қосып, қарашаңыраққа деген ыстық ықыласы мен алғысын білдірді.

 

1986 жылы университетті 50 түлек аяқтаса, мерейтойлық кездесуге еліміздің әр өңірінен 30-ға жуық түлек арнайы келді. Олар студенттік шақтарын еске алып, жоғары оқу орнында дәріс берген оқытушы-профессорлық құрамға ризашылықтарын жеткізді.

40 жылдық кездесуде түлектер университет қалашығын аралап, оқу ғимараттарымен, заманауи инфрақұрылыммен танысты. Олар ҚазҰУ-дың бүгінгі келбетін, білім мен ғылым саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, қарашаңырақтың жылдан жылға дамып, жаңарып келе жатқанына қуанышты екендіктерін жеткізді.

«Біз үшін ҚазҰУ – тек білім алған мекеме емес, өмір жолымызға бағыт берген қасиетті қарашаңырақ. Университеттің қазіргі жетістіктерін көріп, үлкен мақтаныш сезіміне бөлендік», – деді түлектер.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі