ҚазҰУ профессоры Ватикан архивтерінде ғылыми зерттеу жүргізді — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ профессоры Ватикан архивтерінде ғылыми зерттеу жүргізді

25 желтоқсан 2025
ҚазҰУ профессоры Ватикан архивтерінде ғылыми зерттеу жүргізді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дүниежүзі тарихы, тарихнама жне деректану кафедрасының профессоры Қалқаман Жұмағұлов Германия, Италия жне Ватиканға жасалған ғылыми іссапардан оралды. Ғалым Ғұн империясы, Авар қағанаты жне Алтын Орда тарихына қатысты латын тіліндегі сирек тарихи дереккөздерді анықтау жне талдау бағытында ауқымды зерттеу жұмысын жүргізді.

ылыми сапар барысында профессор Ватикандағы Biblioteca Apostolica Vaticana мен Рим қаласындағы La Sapienza Università di Roma университетінде орта ғасырлар кезеңіндегі Батыс пен Орталық Азиядағы түркі әлемі арасындағы өзара қарым-қатынастарға қатысты латын тіліндегі бірегей тарихи дереккөздерді іздестіру жне аудару жұмыстарын жалғастырды. Атап айтқанда XIII ғасырдағы Рим папаларының Ұлы моңғол хандарына, Алтын Орда хандарына, сондай-ақ Парсы аумағы мен Кіші Азия өңірлеріндегі илхан билеушілеріне жолдаған хаттары ерекше ғылыми маңызға ие.

Ватикан архивтерінде анықталған Орталық Азия жне Қазақстан тарихы мен мдениетіне қатысты аса құнды жазба ескерткіштердің қатарына еуропалық саяхатшылар мен миссионерлердің латын тілінде жазылған жазбалары мен хроникалары жатады. Олардың қатарында: Elogio Storico alle Gesta del Beato Odorico dell’Ordine de’ Minori Conventuali… Venezia, MDCCLXI; Andalio di Savignone; Senatsprotokolle Venedig, 1338 XII 22 жне басқа да деректер бар.

Сондай-ақ профессор Ватиканның бай қорларында қыпшақтардың көне тайпалық бірлестігіне қатысты көптеген мліметтерді зерттеді. Қыпшақтардың өз мемлекеттілігі болған жне ол Дешті Қыпшақ (парсыша dašt-i qipčāq) деп аталған. Ватикан дереккөздерінде бұл бірлестік Qybçaq, Kipschak, Khanat Kiptschak, Kumanien, Cumania сияқты ртүрлі атаулармен кездеседі. Итальяндық саяхатшылар Орталық Азия мен Қыпшақ қағанаты арқылы өтетін жолдарды сипаттап көрсеткен. Бұл ретте «қағанат» ұғымы «мемлекет» түсінігімен толық сйкес келеді.

Қазақстан, Италия, Ватикан жне Германия арасындағы ғылыми жне мдени байланыстарды дамыту мақсатында профессор Қ.Жұмағұлов Римдегі La Sapienza Università di Roma жне Мюнстер университетінде баяндама жасап, профессорлар, ғылыми қызметкерлер жне студенттермен кездесулер өткізді.

ылыми сапар аясында профессор Қалқаман Жұмағұлов Италия астанасы Рим қаласында 2025 жылдың қазан айында ашылған Абай Құнанбаевтың ескерткішіне тағзым етті.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі