Тұрақты даму мақсаттары аясында: ҚазҰУ мен София университеті бірлесіп «Қазақстан: тарихы мен мдениеті» этномдени тжірибесін өткізді — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму мақсаттары аясында: ҚазҰУ мен София университеті бірлесіп «Қазақстан: тарихы мен мдениеті» этномдени тжірибесін өткізді

2 қыркүйек 2025
Тұрақты даму мақсаттары аясында: ҚазҰУ мен София университеті бірлесіп «Қазақстан: тарихы мен мдениеті» этномдени тжірибесін өткізді

Философия және саясаттану факультетінің базасында, Дінтану және мдениеттану кафедрасы, сондай-ақ Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының бастауымен университет кампусынан тыс кең аудиторияға арналған курстар әзірленіп, жүзеге асырылып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Болгариядағы Әулие Климент Охридский атындағы София университеті арасындағы екіжақты келісім аясында, сондай-ақ Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – Сапалы білім беру (көшпелі білім беру бағдарламалары) және 17-мақсаты – Тұрақты даму жолындағы әріптестік (институционалдық және көпжақты әріптестіктер, университеттер арасындағы әріптестік) шеңберінде «Қазақстан: тарихы мен мдениеті» атты этномдени тжірбие өткізілді

Этномдени тжірбиеге Болгариядан арнайы келген 30 қонақ қатысты. Қатысушылардың қатарында Болгария Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, София университетінің басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттері, Пловдив мемлекеттік психиатрия университетінің оқытушылары, сонымен қатар, Болгария ІІМ академиясының өкілдері, сондай-ақ Қазақстаннан шамамен 10 қатысушы белсене қатысты.

Этномдени тжірибе аясында 2025 жылдың  2 қыркүйегінде «Мәдениетаралық дискуссия: Болгария мен Орталық Азия елдерінің тоғысатын тұстары»  атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар мдени өзара ықпалдастық, тарихи жады және этномдени мұраны сақтаудағы білім берудің рөлі мәселелерін талқылады. Университеттік ортада этномдени тжірбиенің басталуы символдық мәнге ие болды, себебі білім беру мдени жадыны сақтау мен оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің негізгі құралы болып табылады.

Этномдени тжірибенің жалғасы Алматының табиғи және мдени нышандарымен – Медеу биік таулы коньки тебу алаңымен және Шымбұлақ курортын таныстырумен жалғасты, бұл табиғи ландшафт пен заманауи инфрақұрылымның үйлесімді қатар өмір сүруін айқын көрсеткіші болып табылады. Себебі, Іле Алатау таулары әрқашан қазақ дәстүрінде қасиетті ландшафт ретінде қабылданды, аталмыш орындарға шолу жасау қатысушыларға табиғат, мдениет және өзіндік ерекшелік арасындағы байланысты сезінуге мүмкіндік берді. Аталған нысандар қазіргі Алматыны табиғи мұра мдени және туристік кеңістікке органикалық түрде интеграцияланған қала ретінде бейнелейді, бұл өңірдің табиғи ландшафтына деген мұқият қарым-қатынасы мен тұрақты дамуды айқын көрсетеді.