Педагогикалық шеберліктің жоғары бағалануы — ҚазҰУ

91ý

Педагогикалық шеберліктің жоғары бағалануы

31 желтоқсан 2025
Педагогикалық шеберліктің жоғары бағалануы

«2025 жылғы үздік ЖОО оқытушысы» құрметті атағы «Жылуфизика және техникалық физика» кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы Байжұма Ж.Е.-ге берілді.

Бұл жетістік оның жоғары кәсіби біліктілігін, ғылым мен білімге деген адалдығын және білікті мамандар даярлауға қосқан үлесін айқындайды.

Аталған марапат Тұрақты даму мақсаты 4 — «Сапалы білім беру» аясында жоғары білім беру сапасын арттыруға және педагогикалық әлеуетті дамытуға қосылған үлесті көрсетеді.