ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел мен экскурсия өтті (ТДМ 4 жне ТДМ 9) — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел мен экскурсия өтті (ТДМ 4 жне ТДМ 9)

13 қаңтар 2026
ҚазҰУ-дың физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел мен экскурсия өтті (ТДМ 4 жне ТДМ 9)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде шетелдік студенттерге арналған дөңгелек үстел жне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара халықаралық академиялық өзара іс-қимылды дамытуға жне білім алушыларды университеттің ғылыми-білім беру ортасына интеграциялауға бағытталды.

Дөңгелек үстел аясында ғылыми-инновациялық қызмет жне халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары, доцент Пешая С.Л. факультеттің қызметі туралы баяндама жасап, оның білім беру бағдарламаларын, ғылыми бағыттарын, инфрақұрылымын жне қазіргі заманғы инженерлік-физикалық білім беру тәсілдерін таныстырды.

Іс-шараға Түрікменстан, Қытай, Бангладеш, Судан, Нигерия жне Ауғанстан елдерінен келген 1-курс студенттері қатысты. Олар факультеттің ғылыми-білім беру қызметімен, жоғары білім берудің заманауи мақсаттары мен әдістерімен танысты. Кездесу барысында физика-техникалық факультеттің Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беру саласының жетекші факультеттерінің бірі екені атап өтілді.

Экскурсиялық бағдарлама аясында шетелдік студенттер Ұлттық ашық нанотехнологиялар зертханасына, сондай-ақ SAMSUNG жне HUAWEI мамандандырылған зертханаларына барып, заманауи ғылыми жабдықтармен, қолданбалы зерттеулермен жне инновациялық әзірлемелермен танысты.

Іс-шара нәтижесінде іске асырылған Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)

  • ТДМ 4 – Сапалы білім
    Шетелдік студенттердің факультеттің ғылыми-білім беру мүмкіндіктері мен заманауи білім беру тәжірибелері туралы ақпаратқа тең қолжетімділігі қамтамасыз етілді.
  • ТДМ 9 – Индустрия, инновациялар жне инфрақұрылым
    Факультет пен университеттің ғылыми-зерттеу жне инновациялық инфрақұрылымы (ҰАНЗ, SAMSUNG жне HUAWEI зертханалары) таныстырылды.
  • Іс-шараны ұйымдастырушы: әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Абдраманова Г.Б.