Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де леуметтанушылар мен леуметтік қызметкерлердің дәстүрлі халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де леуметтанушылар мен леуметтік қызметкерлердің дәстүрлі халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады

14 қаңтар 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де леуметтанушылар мен леуметтік қызметкерлердің дәстүрлі халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады

Бүгін, 2026 жылғы 14 қаңтарда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде леуметтанушылар мен леуметтік қызметкерлердің «Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілету аясында ауқымды және сапалы білім беруді қамтамасыз етудегі леуметтану және леуметтік жұмыстағы зерттеулер тжірибесі&ܴ; тақырыбындағы жыл сайынғы халықаралық қысқы мектебі өз жұмысын бастады. Іс-шара философия және саясаттану факультетінің базасында, леуметтану және леуметтік жұмыс кафедрасы тарапынан ұйымдастырылды.

Қысқы мектептің қатысушылары екі күн бойы леуметтанулык зерттеулердегі өзекті әдіснамалық және қолданбалы мәселелерін, леуметтану мен леуметтік жұмыстың ТДМ-ды іске асырудағы ролін, сондай-ақ заманауи зерттеу құралдары мен тәсілдерін талқылайды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4 - «Сапалы білім», яғни баршаға өмір бойы оқуға тең және инклюзивті қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ 17 - «Тұрақты даму жолындағы әріптестік», яғни халықаралық және академиялық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамалар аясында ұйымдастырылды.

Ашылу салтанатында философия және саясаттану факультетінің деканы Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы, деканның ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Карыбаева Айнұр Несібекқызы, леуметтану және леуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі Абдирайымова Гүлмира Серікқызы, сондай-ақ PhD, қауымдастырылған профессор Шабденова Айжан Базарханқызы құттықтау сөз сөйледі.

Бірінші күннің негізгі оқиғасы Манчестер университетінің PhD докторы, AlmaU университетінің профессоры, эксперименттік және мінез-құлық экономикасы зертханасының директоры, «Жоғары экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің ылыми кеңесінің мүшесі Белянин Алексей Владимирович өткізген практикалық семинар болды. Сонымен қатар, Санкт-Петербургтегі Еуропалық университет жанындағы Құқық қолдану проблемалары институтының зерттеушісі, Kazakhstan Sociology Lab ғылыми жетекшісі Серебренников Дмитрий Евгеньевич проблемалық дәріс-дискуссия өткізді.

Бірінші күнгі баяндамалар леуметтанулық зерттеулердегі себеп-салдарлық байланыстарды талдауға, заманауи леуметтік ғылымдардағы дағдарыс мәселелерін талқылауға және жаңа әдіснамалық шешімдерді іздеуге арналды. Бұл тақырыптар Қысқы мектеп қатысушылары тарапынан жоғары қызығушылық пен белсенді пікірталас тудырды.

Екінші күннің бағдарламасы Қазақстанда Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру мәселелерін, әртүрлі секторлардағы леуметтанулық және леуметтік жұмыс тәжірибелерін талқылауды, сондай-ақ сапалы деректерді талдауға арналған MaxQDA бағдарламасымен жұмыс бойынша практикалық семинарды қамтиды.

Халықаралық қысқы мектеп леуметтану және леуметтік жұмыс саласындағы ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен практиктер арасында кәсіби пікір-талас, зерттеу тәжірибесімен алмасу және академиялық ынтымақтастықты нығайту алаңына айналды.

Қазақстандық және шетелдік зерттеушілерді біріктіретін аталмыш ғылыми-тжірибелік шара философия және саясаттану факультетінің 123-аудиториясында өту үстінде.

Ұйымдастырушылар - Шабденова А.Б., Арын Д.А.