«Әдібай Табылдиев шығармаларындағы тұлға қалыптастыру идеялары» — ҚазҰУ

91ý

«Әдібай Табылдиев шығармаларындағы тұлға қалыптастыру идеялары»

14 қаңтар 2026
«Әдібай Табылдиев шығармаларындағы тұлға қалыптастыру идеялары»

2026 жылғы 14 қаңтарда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №123 ғылыми мәжіліс залында «Әдібай Табылдиев шығармаларындағы тұлға қалыптастыру идеялары» тақырыбында республикалық деңгейдегі дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараның мақсаты – көрнекті ғалым, педагог-зерттеуші Әдібай Табылдиевтің ғылыми-педагогикалық мұрасын зерделеу, оның еңбектеріндегі тұлға қалыптастыруға қатысты идеялардың қазіргі білім беру кеңістігіндегі маңызын айқындау және тәжірибелік қолданысын талқылау.

Дөңгелек үстел жұмысына жоғары оқу орындарының ғалымдары, педагог-зерттеушілер, докторанттар, магистранттар, білім беру саласының өкілдері мен қонақтар қатысты.