2026 жылдың алғашқы ылыми кеңесі өтті — ҚазҰУ

91ý

2026 жылдың алғашқы ылыми кеңесі өтті

28 қаңтар 2026
2026 жылдың алғашқы ылыми кеңесі өтті

ТДМ-4 2026 жылдың алғашқы ылыми кеңесі өтті. Кеңес отырысына ылыми кеңестің барлық мүшелері қатысты. Күн тәртібінде бірнеше өзекті мәселе қаралды. Атап айтқанда:

1. Қысқы емтихан сессиясының қорытындылары және студенттердің білімін бақылау мәселесі (деканның оқу, әдістеме және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рушанова Неля Берікқызының хабарламасы).

2. Индикативтік көрсеткіштер бойынша факультеттік және кафедралық есеп беру (факультет деканы Қ. Әуесбайұлының және кафедра меңгерушілерінің баяндамалары).

3. QS рейтингі аясында сарапшылармен кері байланыс орнату нәтижелері (деканның ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Ақынбекова Алтын Бақашқызының және кафедра меңгерушілерінің хабарламалары).

4. Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бойынша жартыжылдық жоспармен таныстыру (деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Данаева Нурлыайым Турсынбайқызының баяндамасы).

Сонымен қатар, кафедра меңгерушілері әр кафедра бойынша Scopus базасында жарияланған мақалалар, шетелдік ғалымдармен бірлесіп жазылған ғылыми еңбектер, оқу-әдістемелік жұмыстар, педагогикалық практиканың басталуына байланысты мәселелер және басқа да өзекті бағыттар бойынша есеп берді.

Журналистика сериясындағы «Хабаршы» журналында жарияланып жатқан ғылыми мақалалардың сапасы және ғылыми мақалаларды сараптауға тартылған рецензенттердің жұмысы да кеңесте талқыланды.

Деканның оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары, ғылыми-инновациялық жұмысы және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, сондай-ақ әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Сонымен бірге, кеңес барысында «Болашақ» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстары туралы Рушанова Неля Берікқызы баяндама жасады.