Таза энергияның халықаралық күні — ҚазҰУ

91ý

Таза энергияның халықаралық күні

31 қаңтар 2026
Таза энергияның халықаралық күні
Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 7) іске асыру аясында және The International Day of Clean Energy күніне орай іргелі медицина кафедрасының оқытушылары — Шерелхан Динара, Мұқаш Айнұр және Есжанова Гаухар — ОМ 25-01 тобының студенттерімен бірлесіп ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізді.
 
Іс-шара білім алушылардың таза әрі қолжетімді энергияның маңыздылығы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және әрбір адамның тұрақты болашақты қалыптастырудағы рөлі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды.
 
Талқылау барысында студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, заманауи энергетиканың өзекті мәселелерін көтеріп, өз ойларымен бөлісіп, оларды шешудің мүмкін жолдарын ұсынды.