Халықаралық конференция “ЕУРАЗИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ҚИЫНДЫҚТАР” — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық конференция “ЕУРАЗИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ҚИЫНДЫҚТАР”

4 ақпан 2026
Халықаралық конференция “ЕУРАЗИЯДАҒЫ ЗАМАНАУИ КӨШІ-ҚОН ПРОЦЕСТЕРІ: ТЕНДЕНЦИЯЛАР МЕН ҚИЫНДЫҚТАР”


Әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті сіздерді 2026 жылдың 17-18 сәуірінде өтетін «Еуразиядағы заманауи көші-қон процестері:р: үрдістер мен қиындықтар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.

Бұл іс-шараның мақсаты - жаңа шындықтар мен тұрақты даму контексінде халықаралық көші-қон бойынша көпжақты диалогты нығайту. Конференцияда Еуразия аймағындағы көші-қон процестерінің қазіргі теориялық жне практикалық аспектілері талқыланады, заманауи үрдістер талданады жне халықаралық жне ішкі көші-қонмен байланысты негізгі қиындықтарды түсіну тәсілдері әзірленеді.

Қатысуға сараптамалық жне ғылыми қауымдастық өкілдері, практик-мамандар, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.

Конференцияның негізгі бағыттары:

·         қазіргі заманғы миграциялық процестер: үрдістер, бағыттар, динамика, болжамдар;

·         Еуразия кеңістігіндегі көші-қон, қауіпсіздік жне тұрақты даму: Орталық Азия елдерінің тәжірибесі;

·         миграцияның халықаралық қатынастар мен аймақтық қауіпсіздікке әсері;

·         мемлекеттік көші-қон саясаты жне көші-қонды реттеу тетіктері;

·         диаспоралар мен отандастардың әлеуметтік-экономикалық жне саяси шындықтың өзгеруіндегі рөлі: тұжырымдамалық тәсілдер жне халықаралық тәжірибе;

·         аймақтық жне халықаралық ынтымақтастық тетіктері;

·         демографиялық даму: үрдістер жне әлемдік тәжірибе.

Конференцияда ортақ мақсаттарға жету үшін БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) - ТДМ 10 (теңсіздікті азайту) жне ТДМ 17 (тұрақты даму мақсаттары бойынша серіктестік) байланыстары атап өтіледі.

Іс-шара аралас форматта өтеді.

Конференция БҰҰ FMO бойынша ақпарат беру жөніндегі аймақтық ресурстық орталығының қолдауымен өтеді.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың ұшу, тұру жне басқа да шығындарын өтемейді.

 

Орналасқан жері: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті, Қарасай батыр көшесі, 95A, Алматы.

Байланыс ақпараты: Деловарова Лейла Федоровна, +7701 365 88 08, delovarova @ mail . ru .