«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» ЖӘНЕ ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫFarabi University

91ý

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» ЖӘНЕ ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

10 ақпан 2026
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АЯСЫНДА СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ» ЖӘНЕ ҚАЗҰУ СТУДЕНТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ АРНАЙЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Журналистика факультетінің 3-залында 1-курс студенттеріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері үшін «Студенттің Ар-намыс кодексі» тақырыбында арнайы түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді университеттегі тәртіп, заңдылық және адамгершілік қағидаларына баулу, сондай-ақ олардың кәсіби және тұлғалық дамуын қолдау.

Іс-шара барысында студенттерге:

●&Բ;Қазақстан Республикасының заңдары мен университет ережелерін сақтау;

●&Բ;Ұлттық мәдениет пен университет дәстүрлерін құрметтеу;

●&Բ;Басқа студенттер мен оқытушыларға ізетті, сыпайы және құрметпен қарау;

●&Բ;Академиялық адалдық қағидаларын сақтау (плагиат, алдау, пара беру және сабақтарды өткізіп алу жол берілмейді);

●&Բ;Университет мүлкі мен ресурстарына қамқорлық жасау;

●&Բ;Салауатты өмір салтын ұстану және университеттің ғылыми, мәдени, спорттық өміріне белсенді қатысу;

●&Բ;Заңсыз әрекеттерге, рұқсат етілмеген митингілер мен акцияларға қатыспау;

●&Բ;ҚазҰУ имиджі мен беделін қорғау.

●&Բ;Жатақханаға уақытылы оралу, 23:00 кейін сыртқа шықпау туралы ақпараттар толықтай түсіндірілді.

 

Сондай-ақ, студенттер өз құқықтары мен міндеттері, университет өміріндегі тәртіп пен жауапкершілік туралы ақпарат алды. Ең бастысы, әр студент университеттің, өз ата-анасының және өз ар-намысының беделін сақтау – басты міндет екенін түсінді.

«Заң мен тәртіп» аясындағы жиынның өтуіне журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбайұлы, деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрлыайым Тұрсынбайқызы, куратор-эдвайзерлер Ғалия Майкотова, Жанат Сейтжанова, Венера Джуматаева және Меруерт Тасполатовалар атсалысты. 

Аталған іс-шара БҰҰ ның Тұрақты даму мақсаттарының 4 мақсаты сапалы білім беру, сондай ақ  16 мақсаты бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды дамыту бағытарына сәйкес келеді.

Нұрлыайым Данаева,

Деканның әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD.