«Дене белсенділігі – ұзақ өмір кепілі»: Шымбұлаққа саяхат — ҚазҰУ

91ý

«Дене белсенділігі – ұзақ өмір кепілі»: Шымбұлаққа саяхат

10 ақпан 2026
«Дене белсенділігі – ұзақ өмір кепілі»: Шымбұлаққа саяхат

Салауатты өмір салтын насихаттау және академиялық қауымдастық ішіндегі ынтымақтастықты нығайту мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» факультетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының докторанттары мен магистранттары Шымбұлақ тау курортына танымдық-спорттық саяхат ұйымдастырды.

Іс-шара «Дене белсенділігі – ұзақ өмір кепілі» ұранымен өтті. Саяхатқа кафедраның магистранттары мен докторанттарымен қатар, Қытай Халық Республикасынан келген шетелдік докторанттар да қатысты. Бұл шара халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және мәдениаралық байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.

Таза тау ауасындағы белсенді демалыс қатысушылардың физикалық белсенділігін арттырып қана қоймай, бейресми ғылыми пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және кәсіби қарым-қатынасты дамытуға ықпал етті.

Осындай аудиториядан тыс іс-шаралар командалық рухты күшейтіп, өзара қолдау мәдениетін қалыптастырады, сондай-ақ болашақ зерттеушілердің тұлғалық және кәсіби дамуына оң әсер етеді.

Шымбұлаққа саяхат ғылым мен салауатты өмір салтының үйлесімді байланысын көрсетіп, халықаралық достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды.