Әріптесіміз — Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері! — ҚазҰУ

91ý

Әріптесіміз — Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері!

16 ақпан 2026
Әріптесіміз — Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері!

Әріптесіміз, PhD, кафедраның аға оқытушысы Сырғабек Ерқанат Арқынұлы - жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері атануымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — жоғары кәсібиліктің, ғылыми тереңдіктің және өз ісіне адалдықтың лайықты бағасы. ылымды дамытуға қосқан үлесіңіз, жаңа білімге деген ұмтылысыңыз және студенттер мен әріптестерге берер шабыт — нағыз ғалым мен ұстаздың жарқын үлгісі.

Сізге алдағы уақытта да жаңа ғылыми жетістіктер, тың жаңалықтар, табысты жобалар және зор денсаулық тілейміз!
Алда әлі талай биік белестер мен жеңістер күтіп тұрсын!