«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапатына ие болған оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! — ҚазҰУ

91ý

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапатына ие болған оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

16 ақпан 2026
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» марапатына ие болған оқытушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Факультетіміздің профессор-оқытушылар құрамы білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізу бағытында жүйелі еңбек етіп келеді.
 
Биыл факультетіміздің үш оқытушысы беделді «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды:
Амирханова Гульшат Аманжоловна

 
Сарсембаева Талшын Сағдатбекқызы
Черикбаева Ляйля Шариповна
Бұл марапат – жоғары кәсібиліктің, педагогикалық шеберліктің және ғылым мен білім саласына қосқан елеулі үлестің айқын дәлелі. Оқытушыларымыз студенттердің сапалы білім алуына, ғылыми әлеуетін арттыруға және заманауи академиялық ортаның қалыптасуына зор үлес қосып келеді.
 
Әріптестерімізді жоғары марапаттарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ғылыми ізденістеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!