Түркі дүниесі деректі фильм фестивальі өтінімдері басталды
ТДМ-17 өтінім қабылдау мерзімі: 30 маусым 2026 жыл
Түркі әлемінің мәдени мұрасын сақтау, оны келешек ұрпаққа жеткізу жне халықаралық деңгейде таныту мақсатында ұйымдастырылатын 11-ші Түркі дүниесі деректі фильмдер фестиваліне өтінім қабылдау басталды. Соңғы өтінім беру мерзімі – 2026 жылғы 30 маусым.
Биыл 11-рет өткізілетін фестиваль Түркі дүниесінің тарихи, мәдени жне географиялық байлығын деректі кино арқылы кеңінен насихаттауды көздейді. «Тамыры терең мәдениет – қуатты болашақ» тақырыбымен өтетін фестиваль өткен мен болашақ арасындағы сабақтастықты нығайтуды мақсат етеді.
Кең ауқымды қатысу
Фестиваль Түркия, Әзербайжан, Босния жне Герцеговина, Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Өзбекстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Солтүстік Македония жне Түрікменстанның қатысуымен өтеді. Сонымен қатар Татарстан, Чувашия, Башқұртстан, Дағыстан, Хакасия, Тыва, Саха (Якутия), Гагаузия жне Қырым секілді түркі дүниесіндегі автономиялық республикалар мен бауырлас қауымдастықтар қолдау көрсетуде.
Ұйымдастыруға көптеген университеттер, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдар атсалысуда.
Ұйымдастыру жұмыстарына көптеген жоғары оқу орындары, мемлекеттік мекемелер жне үкіметтік емес ұйымдар үлес қосуда.
Түркиядан: Istanbul Üniversitesi, Ankara Hacı Bayram Veli Üniversitesi, Başkent Üniversitesi, Ankara Bilim Üniversitesi, Niğde Ömer Halisdemir Üniversitesi, Gümüşhane Üniversitesi, Osmaniye Korkut Ata Üniversitesi, Amasya Üniversitesi, Karabük Üniversitesi жне Yozgat Bozok Üniversitesi;
Әзербайжаннан: Bakı Dövlət Universiteti жне Azerbaycan Medeniyet ve İnce Sanat Üniversitesi;
Қазақстаннан: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жне Жүргенов атындағы Өнер Академиясы
Қырғызстаннан: Kırgızistan-Türkiye Manas Üniversitesi;
Солтүстік Македониядан: Amerikan Fon Üniversitesi;
Солтүстік Кипр Түрік Республикасынан (KKTC): Yakın Doğu Üniversitesi;
Өзбекстаннан: Taşkent Devlet Medeniyet ve Sanat Enstitüsü жне Özbekistan Gazetecilik ve Kitle İletişim Üniversitesi ынтымақтастық жасайтын мекемелер қатарында бар.
қолдау жне медиа серіктестік
Фестивальге Түркия Республикасы Мәдениет жне туризм министрлігінің Кино бас басқармасы, TÜRKSOY, TİKA, YTB жне Түркі дүниесі муниципалитеттері одағы қолдау көрсетеді. Медиа серіктестер қатарында TRT Avaz, Türkmeneli TV, Kırgızistan-ASİA TV, Kazakistan EL ARNA TV, KKTC Bayrak Radyo TV, Mercan TV, BRTV, Rize Kaçkar TV жне Fırat TV бар.
Өтінім беру тәртібі
Фестивальге деректі фильм режиссерлері мен продюсерлері қатыса алады. Соңғы өтінім беру мерзімі – 2026 жылғы 30 маусым. Толық ақпаратты ресми сайтынан жне info@turkbelgesel.com электрондық поштасы арқылы алуға болады.
Фестиваль 11-жылында да түркі дүниесінің мәдени байлығын деректі кино арқылы әлемге танытып, мәдени мұраны болашаққа жеткізуге үлес қосуды көздейді. Аға Оқытушы Жанибек Тулпар