Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік бағытындағы инновациялық технологиялар бойынша кездесу өтті — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік бағытындағы инновациялық технологиялар бойынша кездесу өтті

24 ақпан 2026
Тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік бағытындағы инновациялық технологиялар бойынша кездесу өтті

24.02.2026 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚазҰУ-дың "ылыми-технологиялық парк" ЖШС басшылығымен география және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы өкілдерінің іскерлік кездесуі өтті. Кездесуге ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Т.А. Базарбаева, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.А. Муканова және «ылыми-технологиялық парк» ЖШС директоры М.А. Сарсенбаев қатысты. Сонымен қатар талқылауға Жасанды интеллект орталығының мамандары да қатысты. Кездесу барысында технопарк әзірлемелері, технологияларды коммерцияландыру мәселелері және бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективалары қарастырылды.          

Батыс Қазақстан өңіріндегі мұнаймен ластанған топырақ жамылғысының экологиялық мәселелеріне және бұзылған жерлерді рекультивациялау бағытындағы инновациялық шешімдерді енгізуге ерекше назар аударылды. Технопарк тарапынан «Мұнай кәсіпшілік құбырларын асфальт-шайыр-парафин шөгінділерінен (АШПШ) тазарту құрылғысын сынақтан өткізу» жобасы таныстырылды. Жоба жабдықтарды тазалау тиімділігін арттыруға және техногендік жүктемені азайтуға бағытталған. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік және мұнай-газ саласында жоғары технологиялық шешімдерді енгізу бағытында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы келісімге келді.