- Басты бет
- Жаңалықтар
- Сапалы білім аясындағы іс-шара: студенттердің тұлғалық және аналитикалық қабілеттерін дамыту
Сапалы білім аясындағы іс-шара: студенттердің тұлғалық және аналитикалық қабілеттерін дамыту
2026 жылдың 6 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 204-топ студенттері мен жетекші эдвайзері Қонысбай Бақытгүлдің жетекшілігімен «Ғашықпын саған» фильміне арналған талдамалық шолу ұсынылды. Аталған фильм махаббат тақырыбын ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі өзгерісі, өмірлік таңдау және арманға адал болу идеяларын терең қозғайды.
«Ғашықпын саған» — бұл махаббат туралы фильм. Алайда ол классикалық романтикалық оқиғамен шектелмей, адамдардың бір-бірінің әсері арқылы қалай өзгеретінін, өз-өзін табуға және жақсырақ болуға ұмтылысын көрсетеді. Фильм кейіпкерлері арқылы көрермен адам сезімінің күшін, жауапкершілікті және шынайылықты сезіне алады.
Фильмде Алматы қаласы ерекше орын алады. Көптеген адамдар бұл қалаға өз армандарын жүзеге асыру, жаңа өмір бастау және өзін дамыту үшін келеді. Алматы — үміт пен мүмкіндік қаласы ретінде бейнеленіп, кейіпкерлердің тағдырымен тығыз байланыста көрсетіледі. Қала тек оқиға өтетін орын ғана емес, кейіпкерлердің ішкі әлемінің айнасы іспетті.
Бұл фильм — сезімге, өмірге және өзгеріске толы туынды. «Ғашықпын саған» көрерменге махаббаттың тек эмоция емес, сонымен қатар тұлғалық өсуге алып келетін күш екенін дәлелдейді. Алматыға арман қуып келген адамдардың тағдыры арқылы фильм әр адамның жақсырақ болуға мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Басқа жаңалықтар