География жне табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне арналған «Жорыққа дайындық» тақырыбындағы Shymbulak Outdoor дрісі — ҚазҰУ

91ý

География жне табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне арналған «Жорыққа дайындық» тақырыбындағы Shymbulak Outdoor дрісі

27 ақпан 2026
География жне табиғатты пайдалану факультетінің студенттеріне арналған «Жорыққа дайындық» тақырыбындағы Shymbulak Outdoor дрісі

2026 жылғы 27 ақпанда сағат 16:00-де Б4-5А аудиториясында университет студенттеріне арналған «Жорыққа дайындық» тақырыбында дріс өтті.

 

Іс-шара леуметтік-ағартушылық бастамалар аясында Chimbulak Development компаниясы мен Shymbulak Outdoor бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған бастамалар таулы аймақта қауіпсіз демалыс мдениетін қалыптастыруға жне жеке жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған.

 

Дәріс барысында Shymbulak Outdoor мамандары жорыққа дайындалудың негізгі аспектілері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Атап айтқанда, маршрутты жоспарлау, ауа райы жағдайларын талдау, жеке жне топтық қажетті құрал-жабдықтарды дұрыс таңдау, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері қарастырылды. Төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекет ету алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, табиғи ортада тәртіп сақтау, жеке жауапкершілік жне мінез-құлық мдениетінің маңыздылығы ерекше атап өтілді. Спикерлер таудағы қауіпсіздік тек құтқару қызметтерінің жұмысына ғана емес, әрбір адамның дайындық деңгейіне де тікелей байланысты екенін жеткізді.

Кездесудің өзектілігі статистикалық деректермен де расталады: құтқару қызметтерінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы 9 айында 302 іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп, 482 адам құтқарылған, оның ішінде 88-і — кәмелетке толмағандар. Бұл көрсеткіштер жүйелі профилактикалық жұмыстың жне жастардың қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардарлығын арттырудың маңыздылығын айқын көрсетеді.

Өткізілген дріс студенттердің қауіпсіз туризм саласындағы білімін кеңейтіп, таулы аймақта демалу мдениетіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етті.

Аталған бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді: ТДМ 3 – Жақсы денсаулық жне әл-ауқат, ТДМ 4 – Сапалы білім,

ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау.