Жасанды интеллект – қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?Farabi University

91ý

Жасанды интеллект – қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?

2 наурыз 2026
Жасанды интеллект – қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?

Бүгін университетімізде «Менеджмент» мамандығының 2-курс қазақ бөлімінің 2-тобы XXI ғасырдың ең өзекті тақырыптарының бірі – жасанды интеллектке қатысты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттер ЖИ-дің қазіргі қоғамдағы рөлін талқылап, оның білім беру, денсаулық сақтау және экономика салаларындағы ықпалын сараптады. Студенттер 3 топқа бөлініп, нақты кейстермен жұмыс істеді. Көтерілген сұрақтардың ішінде білім саласында жасанды интеллектіні қолдануға тыйым салу мәселесі, медицинада қате диагноз болған жағдайда кім жауапты болатыны, компаниялар қызметкерлерді ЖИ-ға алмастыруы әділдігі секілді сауалдар болды. Сабақ соңында «Жасанды интеллект – қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?» тақырыбында дебат ұйымдастырылып, студенттер өз пікірлерін ортаға салып, ой өрбітті. Бұл сабақ тек теория емес, сын тұрғысынан ойлау мен талдау машықтарын дамытуға бағытталды. Ұйымдастырушы: "Менеджмент" кафедрасының аға-оқытушысы Аристанова Райгуль Газымбековна.