26 ақпан күні Алғыс айту күніне орай АЖ-24-01 және АЖ-24-02 топтарының студенттері Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушыларын арнайы құттықтап, шынайы ризашылықтарын білдірді. Ұстаздарға жылы лебіздерін арнап, алғыс сөздерін айтып, білім мен бағыт-бағдар бергендері үшін құрмет көрсетті.
1 наурыз күні Алғыс айту күні мерекесі аясында №8 жатақхана студенттері де назардан тыс қалмады. Оларға құрма мен су үлестіріліп, ізгі тілектер айтылды. Бұл игі шара мейірімділік пен сыйластықтың, бірлік пен бауырмалдықтың жарқын көрінісіне айналды.
Басқа жаңалықтар
18 маусым 2026