Елдос Өсербаев – «ылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі — ҚазҰУ

91ý

Елдос Өсербаев – «ылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

19 маусым 2026
Елдос Өсербаев – «ылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

Ол бағдарлама аясында Түркия Республикасындағы Hacettepe University университетінде әлеуметтік ғылымдар бағыты бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп, антропология саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тағылымдама барысында мәдени антропологияның өзекті мәселелерін зерделеп, халықаралық ғылыми ортада тәжірибе жинақтады.

Қазіргі уақытта Елдос Өсербаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментіне қарасты Жаһандық серіктестік кеңсесінің басшысы қызметін атқарады. Ол Қазақстан мен Түркияның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды дамытуға, халықаралық серіктестікті нығайтуға белсенді үлес қосып келеді.

Ғалымның ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерінің мәдени антропологиясы. ылыми қызметі барысында ол мәдени антропология және қоғамның цифрлық трансформациясы мәселелерін зерттеп, зерттеу нәтижелерін халықаралық деңгейдегі Scopus дерекқорларына енгізілген ғылыми басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің ылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жариялаған.

«Қазіргі қоғамның қарқынды цифрландырылуы ғылыми зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер мен кеңістіктер қалыптастыруда. Мен осы бағытты тереңірек зерттеп, цифрлық үдерістердің қоғамның мәдени келбеті мен әлеуметтік қатынастарына ықпалын зерделеумен айналысып келемін», – дейді Елдос Өсербаев.

Бағдарлама түлегінің ғылыми жолы мен жетістіктері туралы толығырақ бейнематериалда таныса аласыздар.