ТДМ аясында: Acanthophyllum gypsophiloides бойынша PhD диссертациясының алдын ала қорғау ғылыми семинары өтті — ҚазҰУ

91ý

ТДМ аясында: Acanthophyllum gypsophiloides бойынша PhD диссертациясының алдын ала қорғау ғылыми семинары өтті

2 наурыз 2026
ТДМ аясында: Acanthophyllum gypsophiloides бойынша PhD диссертациясының алдын ала қорғау ғылыми семинары өтті

2026 жылғы 27 ақпан күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология жне биотехнология факультетінің Ботаника жне агроэкология кафедрасы «8D05108 – Геоботаника» білім беру бағдарламасы аясында алдын ала қорғау ғылыми семинарын өткізді. Іс-шара Қазақстан–Америка цитоматрица зерттеу орталығының базасында, 1 зоология кабинетінде ұйымдастырылып, талқылау қазақ тілінде жүргізілді. Семинар белгіленген тәртіпке сай өтіп, қатысушылар күн тәртібімен таныстырылды жне талқылаудың мақсаты мен форматы нақтыланды.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі ретінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған докторант Тастанбекова Асем Арысбековнаның «Оңтүстік Қазақстанда кездесетін сирек, эндем түр Acanthophyllum gypsophiloides Regel. ценопопуляцияларының экология-биологиялық ерекшеліктері мен жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы алдын ала қорғауға шығарылды. Семинардың басты міндеті докторант ұсынған нәтижелерді кафедралық ғылыми ортада жан-жақты талқылау, зерттеу логикасының дәйектілігін бағалау, ғылыми жаңалық пен қолданбалы маңызын айқындау, сондай-ақ жұмыстың қорытынды нұсқасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды жинақтау болды.

Докторант баяндамасында зерттеудің өзектілігін жүйелі түрде негіздеп, сирек әрі эндем түрдің табиғи популяцияларын бағалау биоалуантүрлілікті сақтаудағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан жағдайында табиғи мекен ету орталарының өзгеруі, жер пайдалану қысымының артуы, деградациялық үдерістер жне климаттық факторлардың құбылуы сирек түрлердің тұрақтылығына тікелей әсер ететіні көрсетілді. Осыдан келіп, ценопопуляциялар деңгейінде экология-биологиялық талдау жүргізу жне популяциялардың қазіргі жағдайын ғылыми критерийлер арқылы бағалау қажеттілігі дәлелденді.

Негізгі мазмұнда докторант зерттеу объектісі мен пәнін нақтылап, Acanthophyllum gypsophiloides түрінің таралу ерекшеліктері, мекен ету ортасының экологиялық сипаттамалары жне популяциялардың құрылымдық белгілерін бағалау тәсілдерін баяндады. Бұл ретте ценопопуляцияларды салыстырмалы талдау үшін қолданылған көрсеткіштердің логикасы түсіндіріліп, табиғи популяциялардың күйін анықтауда құрылымдық-динамикалық сипаттамалардың, жаңару әлеуетінің жне популяция тұрақтылығының индикаторларын есепке алу қажеттілігі атап өтілді.

Осы отырыс барысында диссертациялық зерттеудің ТДМ/ЦУР мақсаттарымен байланысы мазмұндық тұрғыда кіріктірілді. Атап айтқанда, жұмыс ТДМ 15 – Құрлықтағы өмір мақсатымен тікелей сабақтас екені (биоалуантүрлілікті сақтау, сирек жне эндем түрлерді қорғау, популяцияларды мониторингтеу) ғылыми тұрғыда негізделді. Сонымен бірге табиғи орта факторларының жне ұзақ мерзімді экологиялық өзгерістердің популяциялар күйіне ықпалын қарастыруы арқылы ТДМ 13 – Климаттың өзгеруіне қарсы күрес бағытымен үйлесетіні көрсетілді. Ал алдын ала қорғау ғылыми семинарының өзі жне PhD диссертациясын кафедралық деңгейде жүйелі талқылау үдерісі ТДМ 4 – Сапалы білім міндеттеріне сай келетіні атап өтілді. Бұған қоса, шетелдік кеңесшілік арқылы әдіснамалық тәжірибе алмасу жне халықаралық ғылыми өлшемдерге сай талдау жасау мүмкіндігі ТДМ 17 – Әріптестік мақсатымен байланыстырылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілердің жетекшілігімен орындалғаны мәлімделді. Отандық ғылыми жетекшіКурманбаева Меруерт Сакеновна, б.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биология жне биотехнология факультетінің деканы, Ботаника жне агроэкология кафедрасының профессоры. Шетелдік ғылыми жетекшіХён Мария, PhD, Венгрия ауыл шаруашылығы жне жаратылыстану ғылымдары университеті, Ботаника кафедрасының профессоры (Венгрия). Халықаралық ғылыми жетекшіліктің зерттеудің әдіснамалық деңгейін күшейткені, нәтижелерді салыстырмалы тұрғыда түсіндіруге жне қорытындыларды ғылыми талаптарға сай нақтылауға мүмкіндік бергені көрсетілді.

Талқылау кезеңінде қатысушылар тарапынан зерттеудің жекелеген аспектілерін нақтылауға бағытталған сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Әсіресе деректерді интерпретациялау логикасын күшейту, нәтижелердің қолданбалы қорытындыларын нақтылау, бағалау критерийлерін жүйелеу жне қорғау ұсыныстарын дәлелдік негізбен бекіту жөніндегі пікірлер назарға алынды. Докторант қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарды диссертацияның соңғы нұсқасына енгізу жне қорғауға шығару алдындағы материалдарды толықтыру жоспарын ұсынды.

Қорытынды бөлімде алдын ала қорғау материалдары кафедраның белгіленген тәртібімен рәсімделіп, диссертациялық жұмыс одан әрі жетілдіру жне келесі кезеңге – қорғауға ұсыну үшін дайындық жүргізуге бағытталды.

 

Ботаника жне агроэкология кафедрасы