Арманым алдамайтынына сенемін — ҚазҰУ

91ý

Арманым алдамайтынына сенемін

31 шілде 2026
Арманым алдамайтынына сенемін

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­те­ті – елі­міз­дегі ең танымал әрі  ғасырға жуық тарихы бар жоғары оқу орын­да­ры­ның бірі. Әлемдік QS рейтингінде 177-орынға ие университет бүкіл қазақстандықтың мақтанышы.

Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсуге талаптанып жүр­ген үміткермін. Осы жоғары оқу ор­нына түсу менің үлкен ар­­манымның бірі. Себебі шек­сіз мүмкіндікке жол ашатын оқу жүйесі, ұмытылмас сәттер сыйлайтын белсенді жастар ұйымдары және толық маман иесі атануыңа септігін тигізетін оқытушы-профессорлар қауы­­мы ҚазҰУ-да екенін білемін. Бұл ойыммен осы университет қабырғасынан өткен әрбір студент келіседі деп ойлаймын. Ғасырға жуық та­рихы бар ше­­жірелі уни­вер­ситеттің ерек­шелігі өте көп. Мен оны интернет желісі ар­қылы оқу ор­­да­­сының сайтынан, «Qazaq universiteti» газетінен білемін. Өзім журналист болуды ар­мандаған соң оқу ордасының медиа басылымдарымен жыл бойы танысып отырдым.

Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы құрылған екен. Күні бүгінге дейін беделін түсірмей, оқу-білім, ғылым жағынан да, өнер жағынан да көш бастап жүрген университетте 16 факультет пен 86 мамандық бар. Университетте білім беру ісі Болон жүйесіне сәйкес жүргізіледі және бакалавр-магистр-PhD деңгейінде үш сатылы маман даярлау жүйесі қамтылғанын оқып-білдім.

Мен бала күнімнен ҚазҰУ-ға түсуді армандадым. Әсем Алматы, тау баурайындағы жас­тар қалашығы, терең білім, үз­діксіз дамып отыратын студенттер қауымы – осының бар­лығы мен үшін әрі таңсық, әрі қызық. ҚазҰУ – мүмкіндік ме­­кені! Бұл университетке оқуға түсуді, сөйтіп, елімізге та­­ны­мал оқытушы-ұстаз­дар­дан, профессорлардан білім алуды үлкен бақ деп білемін. Сол се­бепті әрбір сәтті дұрыс пайдалана біліп, биік белеске шығуға тырысамын. Арман болған ҚазҰУ-ым менің асқақ арманыма жол ашады деп ойлаймын. 

Ақжүніс ҰЗАҚБАЕВА

Ақтөбе қаласы