«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясыFarabi University

91ý

«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

3 Нау, 2026
«Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» IV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Экономика жне бизнес жоғары мектебі,

Алматы, Қазақстан

7-8 сәуір 2026 жыл

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

         2026 жылғы 7–8 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық Фараби форумы аясында V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция «Жаһандық өзгерістер жағдайындағы тұрақты экономикалық даму парадигмасы: сын-қатерлер, салдар, мүмкіндіктер» өтеді.

Конференция ұлттық технологиялық жаңғырту күн тәртібін ескере отырып ұйымдастырылады. Цифрландыру жне жасанды интеллект жылы деп жарияланған 2026 жыл жағдайында экономикалық модельді трансформациялау, қаржы секторының цифрлық қайта құрылуы, корпоративтік басқаруға интеллектуалдық технологияларды енгізу жне орнықты өсудің жаңа архитектурасын қалыптастыру мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылым, инновация жне ұлттық дамудың стратегиялық орталығы ретінде елдің экономикалық жне қаржылық архитектурасындағы жүйелі трансформацияларды талқылауға арналған жоғары деңгейлі сараптамалық алаң қалыптастырады.

2026 жылы конференцияның негізгі мазмұны Industry 4.0, жасанды интеллект, цифрлық платформалар, қаржы секторының цифрлық трансформациясы, сондай-ақ тұрақты экономикалық даму модельдерін қалыптастыру мәселелеріне арналады.

Конференцияға қатысу үшін мақалаларды 2026 жылғы 27 наурызға дейін жолдауларыңызды сұраймыз. Мақалалар ағылшын, қазақ жне орыс тілдерінде қабылданады. Қолжазбалар Конференцияның Ұйымдастыру комитеті белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Барлық мақалалар рецензиялау рәсімінен өтеді. Қабылданған баяндамалар конференция материалдарының жинағына енгізіледі.

Пленарлық сессия қаржы институттары мен корпоративтік сектордың орнықты өсуге, цифрлық бәсекеге қабілеттілікке жне Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі рөліне арналған стратегиялық пікірталас алаңына айналады.

Барлық ұйымдастырушылық мәселелер бойынша жауапты тұлға:

Экономика жне бизнес жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс жне халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары

Нұрғазы Шыңғыс Әскербекұлы

(жұмыс тел.: +7 727 377 33 33, ішкі: 1678, ұялы тел.: +7 778 332 21 99)

 

         Мақалалар келесі поштаға қабылданады: hsebconferences@gmail.com  немесе  

         Мақаланың көлемі (атауы, авторлар туралы мәліметтер, аннотация, түйінді сөздер мен пайдаланылған әдебиеттерді қоспағанда) кемінде 3000 сөзден кем болмауы жне 5000 сөзден аспауы керек. Әр мақала үшін авторлар саны үштен аспауы керек.

Баяндама мәтінінің қарпі: Times New Roman, қаріп өлшемі: 14 pt, жоларалық интервал: бір интервал; жиектері: сол жақ – 2 см, оң жақ – 2 см, жоғарғы жне төменгі – 2 см; абзацтық шегініс – 1 см; туралау: ені бойынша.

 

Конференцияға тіркелу жне мақала жіберу                               

27.03.2026

Мақаланың қабылдануы жөніндегі хабарлама                             

1.04.2026

Төлем жіберу                                                                                    

3.04.2026

Конференцияға тіркелу                                                                   

7.04.2026

Конференция күндері                                                                      

7-8.04.2026

Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, белгіленген мерзімнен кеш жіберілген немесе басқа электрондық поштаға жолданған материалдар қарастырылмайды.

 

Конференцияға қатысу жарнасы 10 000 теңге жне төмендегі реквизиттерге қабылданады:

Калмакова Динара

 +7 705 219 35 08

АО «Kaspi Bank»

БИК CASPKZKA

KZ09722C000055202598

Төлем мақсаты ретінде міндетті түрде көрсету қажет:
«Конференцияның ұйымдастыру жарнасы, автордың тегі мен аты».

 

 

Ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі JPEG (jpg) немесе PDF форматында hsebconferences@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс.

 

Пленарлық жне секциялық отырыстардың уақыты мен өткізу орны туралы ақпарат қосымша хабарланады.

 

Ақпараттық хат конференция 2026