Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Үздік дипломдық жұмыс» байқауының жеңімпаздары марапатталды — ҚазҰУ

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Үздік дипломдық жұмыс» байқауының жеңімпаздары марапатталды

7 шілде 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  «Үздік дипломдық жұмыс» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2026 жылдың 3 шілдесінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультеті мен халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының студенттері арасында өткізілген «Үздік дипломдық жұмыс» байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Конкурс бітіру жұмыстарының сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша ұйымдастырылды және студенттер мен ғылыми жетекшілердің дипломдық зерттеулерді дайындау  жауапкершілігін арттыруға, зерттеу мәдениетін дамыту, сондай-ақ неғұрлым сапалы және өзекті ғылыми жұмыстардың авторларын көтермелеуге бағытталған. 

Конкурсты өткізу бастамасы университеттің ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысы аясында іске асырылды. 2025 жылдың көктемінде ылыми кеңестің отырысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев университеттің басым міндеттерінің қатарында ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, магистрлік және докторлық (PhD) диссертациялар тақырыптарының өзектілігі мен бірегейлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ университет Жарғысына және ғылымның рөлін күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатына сәйкес ғылыми қызметті үйлестіруді жетілдіру мәселелерін айқындады. 

Осы тапсырманы дамыту үшін ылыми-үйлестіру орталығы отырысының 2025 жылғы 13 қазандағы №2 хаттамалық шешімімен заң факультеті мен халықаралық қатынастар факультетінің студенттері үшін жыл сайынғы «Үздік дипломдық жұмыс» номинациясы бекітілді. Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар беріледі.

Салтанатты рәсімге қатысушыларға Ғ.С. Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық институтының директоры А.А. Салимгерей, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің деканы     У.А. Ахатов, заң факультеті деканының орынбасары А. Шарипова және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі К. Алтаева құттықтау сөз сөйлеп, назарларын аударды. Сөз сөйлеушілер студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің маңыздылығын, академиялық адалдық қағидаларын сақтау қажеттілігін және ғылым мен тәжірибенің заманауи талаптарына жауап беретін бітіру жұмыстарын дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша үздік студенттер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының студенттері арасындағы байқаудың жеңімпаздары:

орын — Докторович Алиса Марковна;

II орын — Ержан Аружан;

III орын — Наурзбаева Фарида Кайратовна.

Заң факультеті студенттері арасындағы байқаудың жеңімпаздары:

I орын — Нуржанұлы Даулетхан;

II орын — Санжар Айгерім Санжарқызы;

III орын&Բ;— Еренат Ренара;

III орын&Բ;— Исабекова Аклия Руслановна.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға ғылыми және кәсіби қызметте одан әрі табыстар, жаңа жетістіктер және отандық заң ғылымы мен жоғары білімді дамыту үшін ғылыми әлеуетті толық іске асыруды тілейміз.