ҚазҰУ жас ғалымы Минск қаласында өткен ШЫҰ Жас ғалымдар форумына қатысты
ҚазҰУ жас ғалымы Минск қаласында өткен ШЫҰ Жас ғалымдар форумына қатысты
2026 жылғы 16–17 маусым күндері Беларусь Республикасының Минск қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Жас ғалымдар форумы өтті. Форум ШЫҰ елдерінің ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктіріп, ғылымды дамыту, жас зерттеушілерді қолдау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Форум жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымы, ылыми жобаларды талдау және үйлестіру басқармасының басшысы Нұрсұлтан Мейрамбекұлы қатысты.
Форумның пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім вице-министрі Г.И. Кобенова құттықтау сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында жас ғалымдарды қолдау және олардың ғылыми әлеуетін дамытуға жағдай жасау Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жас зерттеушілер ғылыми-технологиялық дамудың қозғаушы күші, инновациялардың негізгі генераторы және ШЫҰ елдерінің тұрақты болашағының негізі екенін ерекше айтты.
Форум аясында Нұрсұлтан Мейрамбекұлы «Жас ғалымдар – ШЫҰ елдерінің ғылыми-технологиялық дамуының қозғаушы күші: Қазақстан Республикасы мен ҚазҰУ тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада Қазақстан Республикасында ғылымды дамыту, ғылыми кадрларды даярлау және жас ғалымдарды қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тәжірибесі таныстырылды.
Форум барысында қатысушылар ғылым мен білім беруді дамыту, халықаралық академиялық ұтқырлық, жас зерттеушілерді даярлау, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.

ҚазҰУ өкілінің ШЫҰ Жас ғалымдар форумына қатысуы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, ШЫҰ елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдарымен серіктестікті кеңейтуге және қазақстандық ғылымның жетістіктерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Форум қорытындысы бойынша ғылыми байланыстарды одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу және ғылым, білім мен инновация салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
ылыми-инновациялық қызмет жөніндегі департамент
Басқа жаңалықтар