"Мейірім шуағы" атты әлеуметтік жоба — ҚазҰУ

91ý

"Мейірім шуағы" атты әлеуметтік жоба

27 ақпан 2026
"Мейірім шуағы" атты әлеуметтік жоба

ТДМ 17. 2026 жылғы 27 ақпанда заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры м.а. Калымбек Бакытжан және аға оқытушысы Бакиров Дархан 304-топ студенттерімен бірлесіп Тұрақты даму мақсаттарының 2-мақсаты – «Аштықты жою» бағыты және кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының "Мейірім шуағы" атты әлеуметтік жобасы аясында қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Аталған бастама әлеуметтік осал топтарға жататын үш отбасыға қолдау көрсетуге бағытталды. Студенттер оқытушыларымен бірге азық-түлік себеттерін дайындап, қажетті тұрмыстық өнімдерді табыстады. Бұл игі іс жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділік құндылықтарын нығайтуға үлес қосты.

Сонымен қатар, қасиетті ораза айына орай ауызашар уақытында қала көшелеріндегі тұрғындарға су мен құрма таратылды. Бұл шара адамгершілік, қайырымдылық және өзара қолдау мәдениетін дәріптеуге бағытталды.

Өткізілген іс-шара студенттердің азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын тереңдетуге, қоғамға пайдалы болуға деген ынтасын күшейтті. Мұндай бастамалар жастардың әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамай, нақты әрекет арқылы үлес қосуына мүмкіндік береді.