«Women — The Light of the World / Әйел — әлемнің шуағы» — ҚазҰУ

91ý

«Women — The Light of the World / Әйел — әлемнің шуағы»

27 ақпан 2026
«Women — The Light of the World / Әйел — әлемнің шуағы»

2026 жылғы 27 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Аударма ісі»   мамандығы бойынша докторант  Чэнь Тяньсинь  6B02304 — Аударма ісі тобының 3 курс студенттерімен «WomenThe Light of the World / Әйел — әлемнің шуағы» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шара педагогикалық практика аясында топ эдвайзері Р.А.Төреханова жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты — әйелге құрметпен қарау құндылықтарын қалыптастыру, теңдік, құрмет  жне жауапкершілік туралы ой қалыптастыру, сондай-ақ интерактивті талқылаулар мен тапсырмалар арқылы студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Іс-шара тақырыпқа қатысты қысқаша кіріспеден басталды. Чэнь Тяньсинь  студенттерден әйелдің отбасыда, университет өмірінде жне қоғамдағы рөлі мен үлесі туралы қандай ойлары бар екенін сұрады. Студенттер өз пікірлерін айтып, әйелдің тұлғалық даму, қоғамдық үйлесім жне мәдени дәстүрлерді сақтаудағы маңызын мысалдармен көрсетті.

Одан кейін студенттер топтық форматта интерактивті тапсырмалар орындады: сыйластыққа негізделген қарым-қатынас пен этикалық мінез-құлыққа қатысты жағдаяттарды талқылады, тақырыптың негізгі ойларын талдап, өз қорытындыларын аудитория алдында ұсынды. Сонымен қатар, студенттер қысқа квизге қатысып, сабақтың негізгі идеяларын бекітуге жне тақырыпты тереңірек түсінуге көмектесетін сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында студенттер тақырыптың маңыздылығын қорытындылап, қозғалған құндылықтардың күнделікті өмірде жне болашақ кәсіби коммуникацияда қалай қолданылатынын талқылады. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті, студенттер пікір алмасу мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушы: PhD докторант  Чэнь Тяньсинь жне   топ эдапйзеріТөреханова Р.А.