Цифрлық ортадағы мектеп менеджменті және мұғалімдердің психологиялық әл-ауқатын сақтауFarabi University

91ý

Цифрлық ортадағы мектеп менеджменті және мұғалімдердің психологиялық әл-ауқатын сақтау

26 ақпан 2026
Цифрлық ортадағы мектеп менеджменті және мұғалімдердің психологиялық әл-ауқатын сақтау

Педагогика жене білім беру менеджменті кафедрасынын п.ғ.д., профессор А.Б.Мукашева мен философия жене саясаттану факультетінің білім беру менеджменті мамандығының магистранты А.Адилованың ұйымдастыруымен ТМД 4: Сапалы білім беру аясында.     " Цифрлық ортадағы мектеп менеджменті және мұғалімдердің психологиялық әл-ауқатын сақтау" атты іс-шара 26.01.2026 күні  КЕМЕЛ ҰРПАҚ АЛМАТЫ мектеп мұғалімдеріне өткізілді.

Іс-шараға мектептің 15-ке жуық мұғалімдері қатысты. Іс-шарада мұғалімдер цифрлық орта жағдайында өз жұмысын тиімді ұйымдастыруды, уақытты дұрыс жоспарлау мен кәсіби жүктемені теңгерімді бөлуді, ата-аналармен нәтижелі және мәдениетті қарым-қатынас орнату жолдарын, сыныптағы оқу үдерісін басқарудың заманауи тәсілдерін, сондай-ақ цифрлық құралдармен жұмыс барысында психологиялық шаршаудың алдын алу, эмоциялық күйді реттеу және кәсіби күйзелісті төмендетуге бағытталған практикалық әдістерді меңгереді.

Іс-шара 50 минутқа созылды. Барлық қатысушылар іс-шара соңында алғысын білдірді.